АҚШ-та оқушылар мінген автобус көлік апатына түсті

АҚШ-та оқушылар мінген автобус көлік апатына түсті

АҚШ-тың Индиана штатында оқушыларды тасымалдаған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан жүргізуші қайтыс болды. 9 бала зардап шекті. Қазір жарақат алған оқушылардың бәрі ауруханада. Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша автокөлік жүргізушісі жол ережесін сақтамауы мүмкін.