Қытайда халықтың жартысынан көбі вакциналанды

Қытай халқының жартысынан көбі коронавирусқа қарсы вакцинаның толық компонентін алды. Бұл – 777 миллион адам.

Елде екпенің 1 миллиард 830 миллион дозасы салынған. Осы айдың басынан бері 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер де вакцина алып жатыр. Билік өкілдері осы жылдың соңына қарай елде ұжымдық иммунитет қалыптасатынына сенімді. Қытайдағы 18 өңір мен 48 қалада індеттің күшеюіне байланысты вакциналау қарқыны да үдеді.

Хэ Цинхуа, ҚХР денсаулық сақтау істері жөнінде мемлекеттік комитет инспекторы:

– Қазірдің өзінде 1280-нен аса науқас анықталды. Ауру ошақтары тіркелген 48 қаланың 36-сында бес күннен бері ауру жұқтыру тіркелген жоқ. Янчжоу, Ухань, Чжанцзяцзеден өзге шаһарларда негізінен бірен-саран адам вирус жұқтырған. Сондықтан індеттің кең ауқымға таралу қаупі төмен деуге болады.