Ташкент облысында лотос көлі пайда болды

Ташкент облысында лотос көлі пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оны Өзбекстанда 20 жыл бойы тұрып келе жатқан қытайлықтар жасаған екен.

Олар көрші ел билігінен 10 гектар жерді жалға алған. Енді кейінгі 5 жыл көлеміндегі тынымсыз еңбектің жемісін көріп отыр. Қазір бұл көл жергілікті халықтың сүйікті орнына айналған. «Негізі лотос гүлдерінің емдік қасиеті зор», – дейді, көл иелері. Оның жапырағынан шай жасап ішуге болады. Мұндай шай қан тамырларының жұмысын жақсартады екен. Түрлі өнім де жасауға болады.

Е. Фусин, Өзбекстан тұрғыны:

- Біз бұл гүлдің тұқымдарын Қытайдан әкелдік. Басында өте қиын болды. Жергілікті жердің климатына бейімделе алмай гүлдер өліп қала беретін. Кейін барлық іс оңала бастады. Қазір жергілікті тұрғындар бізге келіп лотос гүлін сатып алады. Лотостың жапырағынан бастап, тамырына дейін емдік қасиеті бар.