Түркияда ресейлік өрт сөндіруші ұшақ апатқа ұшырады

Түркияның шығысында Ресейге тиесілі өрт сөндіретін ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іште болған Ресейдің 5 әскери қызметкері мен жергілікті 3 азамат опат болды. Әуе кемесін түрік елінің Орман шаруашылығы басқармасы өрт сөндіру үшін жалға алған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ су құйып алғаннан кейін тиісті биіктікке көтеріле алмай, жартасқа соғылған. Дәл апатқа ұшырар алдында ұшақтағы түркиялықтар экипажға от ошақтарын көрсетіп тұрғаны хабарланды.

Қайғылы оқиғаны тергеу үшін Ресейдің Қорғаныс министрлігі комиссия аттандырды.