Орман өрті: халық қауіпсіз жерге көшірілді

Орман өрті: халық қауіпсіз жерге көшірілді
Bellona.ru

Орман өрті Испанияда да басылар емес. Апат ауыл тұрғындарына қауіп төндіруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар Авила провинциясынан мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Күні бүгінге дейін 12 мың га алқап жанып кеткен. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін қатты жел мен қуаңшылық кедергі келтіруде.

Грекия астанасы Афинада да екі өрт ошағы тіркелді. Салдарынан Лаврио қаласындағы 3 елді мекен тұрғындары эвакуацияланды. Ал Вилиядағы өртпен бірнеше тікұшақ мен ұшақ арпалысып жатыр.

Айта кетейік, аймақта ауа температурасы 40 градустан асып тұр.