Якутияда орман өрті ондаған үйді күлге айналдырды

Якутия өлкесінде бой бермей тұрған орман өрті Бяскюёль ауылын күлге айналдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі 7 көпқабатты тұрғын үй мен ондаған ғимарат отқа оранған. Қазір аймақта 160-тан астам өрт ошағы тіркелді. Қызыл жалын 1,5 мың га жер телімін тып-типыл еткен.

Куәгер:

– Қолымдағы барымнан айырылдым. Мына жерде 2015 жылы салған екі қабатты үйім болды. Жанында тағы бір үй тұрғыздым. Биыл баспанама газ тартамын деп едім. Құжаттарымды әзірлеп үлгенген жоқпын.