Тәліптер бұрынғы шенеуніктерге рақымшылық жариялады

«Талибан» радикалды қозғалысы бұрынғы үкімет құрамында жұмыс істеген шенеуніктерге рақымшылық жариялап, мемлекеттік мекемелердің қызметін қайта қалпына келтіруге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы тәліптердің мәліметіне сілтеме жасап «Франс пресс» агенттігі хабарлады. Құжатта «бұрынғы үкімет қызметкерлері еш алаңсыз қалыпты өмірге оралуына болады» делінген.

Айта кетейік, тәліптер бұған дейін бұрынғы билік өкілдері мен күштік құрылым өкілдеріне кек қайтармайтынын хабарлаған. Және әйелдерге жұмыс істеу мен білім алуға құқық берілетінін жариялады.