425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Гаитидегі зілзаладан қаза тапқандар саны екі мыңға жуықтады

  • 136
  • UPD: 10:02, 18.08.2021
Гаитидегі зілзаладан қаза тапқандар саны екі мыңға жуықтады

Гаитиде жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1941-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жарақат алғандар 10 мыңға жуықтады. Зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілмей жатыр. Елдегі ауруханаларда бос орын жоқ. Жергілікті билік үйінділер астында тағы адамдар болуы мүмкін деп топшылайды. Іздестіру жұмыстарына АҚШ-тың қорғаныс күштері аймаққа 8 тікұшақ пен 7 кеме жөнелтті. Ал баспанасынан айырылған 30 мың тұрғын уақытша шатырларда түнеуге мәжбүр.

Естеріңізге салайық, 7,2 балдық жер сілкінісінен 100 мыңға жуық ғимарат жермен жексен болды. Құтқару жұмыстарына қатты жел мен нөсер жауын кедергі келтірген. Мамандар «Грейс» атты тропикалық дауыл кеше Гаитиді жағалай өтіп Ямайкаға қарай бет алғанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы