Еуроодақ тәліптермен келіссөзге дайын

Еуропалық одақ Ауғанстан халқына қолдау көрсету үшін тәліптермен келіссөз жүргізуге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ Талибан қозғалысының билікке келуін мойындау олардың алдағы іс-әрекеттеріне байланысты. Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель кәрі құрлық елдері сыртқы істер министрлерінің шұғыл бейне-конференциясында осылай деп мәлімдеді. Ол тәліптермен байланысып отыру – жағдайды реттеудің бірден бір жолы деп ашық айтты. Еуроодақ өз азаматтары мен жергілікті Ауғандарды көшіру ісін жалғастырмақ. Бұл шамамен 400-дей адам.

Жозеп Боррель, ЕО дипломатиясының басшысы:

– Талибан соғыста жеңіске жетті. Сондықтан бізге олармен сөйлесуге туралы келеді. Гуманитарлық апат пен көші-қон дағдарысын еңсеру үшін бізге тәліптермен келіссөздерге тез арада кірісуіміз керек. Тұрақты қолдау көрсетуіміз үшін қолайлы жағдай жасаймыз және адам құқықтарын аяқ асты етпеу үшін барлық тетіктерді пайдаланамыз. Ең басты мақсатымыз – Ауғанстандағы еуропалықтарды және 20 жыл бойы бізбен жұмыс істеген, елден кеткісі келетін жергілікті азаматтарды аман-есен көшіріп алу.