Ашраф Ғанидің қай елде жүргені белгілі болды

Яндекс

Ашраф Ғани отбасымен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлайды. Ақпаратты Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі де растап отыр. Олар бұл қадамға «гуманитарлық қағидатты» негізге ала отырып барғандарын мәлімдеген.

Айта кеткен жөн, 15 тамызда «Талибан» қозғалысының өкілдері Ауғанстан астанасы Кабулды басып алғаннан кейін президент Ашраф Ғани қашып кеткен еді. Осы күнге дейін оның қай жерде жүргені белгісіз болды. Ақпарат құралдары бұрынғы мемлекет басшысы Өзбекстанда болуы мүмкін деген хабар таратқан. Алайда жергілікті билік оны жоққа шығарған. Ал Ауғанстанның қорғаныс министрі Интерполды елден қашып кеткені үшін Ашраф Ғаниді қамауға алуға шақырып отыр.