Кабул әуежайындағы дүрбелеңнен 40-қа жуық адам көз жұмған

АҚШ бастаған Батыс елдері әскерилерінің бақылауындағы әуежайда адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін әуе айлағында ығы-жығы халық тағы бір-бірін итеріп, 17 адам жарақат алған. Әскерилер қолында төлқұжаты мен визасы жоқ азаматтар жіберілмейтінін айтып ескертуде. Тәліптер Кабулды басып алғалы шаһарда Батыс әскері қолындағы жалғыз әуежай арқылы шетелге бас сауғалаған азаматтар ұлғайды. Салдарынан әуе айлағында адамдар ұшақтарға бейберекет ұмтылып, бірнеше рет қайғылы оқиға тіркелді. Атыс пен тапталудан қазірге дейін 40-қа жуық адам көз жұмған.