«Грейс» дауылы: Мексикада елді мекендер жарықсыз қалды

«Грейс» дауылы: Мексикада елді мекендер жарықсыз қалды

Мексиканың Кариб жағалауына «Грейс» дауылы жетті. Ол бұған дейін Гаити мен Ямайкада ойран салған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір желдің екпіні сағатына 130 шақырымнан асады. Билік 300-ден астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Арасында туристер бар. Бірнеше аймақтың тұрғындары жарықсыз отыр. Тулум қаласында ағаштар мен жолдағы белгілер құлап, қозғалысты қиындатты. Көз жұмғандар мен жарақат алғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.

АҚШ-тағы Массачусетс штаты «Фред» дауылынан зардап шегуде. Дауылмен қоса аймақта жаңбыр жауып, көшелер суға толды. Табиғи апат салдарынан бірнеше үй қирап қалды. Көліктер көшеде қайық сияқты жүзіп жүр. Құтқарушылар су құрсауында қалған 4 адамды аман алып шықты. Абырой болғанда, олар жеңіл жараланған.