Өзбекстанда вакцина алудан кейінгі қауіптен сақтануға болады

Өзбекстанда вакцина алудан кейінгі қауіптен сақтануға болады

Өзбекстанда вакциналаудан туатын қауіптен сақтануға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұндай сақтандыру полисін «Узагросугурта» компаниясы іске қосып отыр. Оның құны 5-10 мың сом аралығында. Яғни, 200 бен 400 теңге төңірегінде. Ал сақтандыру жауапкершілігі – 1 млн мен 2 млн теңге. Бұл полис вакцина алғаннан кейін адам еңбекке жарамсыз болып қалса немесе қайтыс болса оның отбасына өтемақы төленетініне кепіл болады.

Айта кету керек, қазір көрші елде 12,5 млн-нан астам азамат екпе салдырған.