НАТО елдері ауғандарды эвакуациялау мерзімін ұзартуды қолдады

НАТО елдері ауғандарды эвакуациялау мерзімін ұзартуды қолдады

НАТО елдері Кабулдағы әуежайды бақылауды сақтап, Ауғанстанда азаматтарды эвакуациялау мерзімін ұзартуды қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және осы елді тастап кетуге ниетті адамдарды көптеп көшіру үшін тамыздың 31-інен кейін де қалуға ниетті. Айта кетейік, Талибан қозғалысы Ауғанстан астанасын басып алғалы мыңдаған адам батыс әсерилері қолындағы Кабул әуежайына ұмтылды. Қазірге дейін әуе айлағы арқылы 18 мыңнан аса адам эвакуацияланған. Әуежайда АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Әзербайжан әскерилері орналасқан.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

– НАТО одақтастары Ауғанстанға ұшақтар жіберіп, адамдарды эвакуациялауға көмектесуге дайын. Бірақ мәселе әуе көліктерінде емес адамдарды ол жақтан алып кетуде болып тұр. Біз келешекте қазіргідей мәселеден көп ой түйіп, НАТО-ның Ауғанстандағы іс-әрекетін жан-жақты саралауымыз қажет.

Софи Уилмес, Бельгия сыртқы істер министрі:

– Кеше кешкісін біз 450 Ауғанстан азаматына әуежайға келуді сұрадық. 8 сағаттан кейін 16 адам ғана әзер дегенде әуежай қақпасынан өтті. Осыған байланысты біз Бельгия атынан НАТО-дан адамдарды эвакуациялау мерзімін ұзартуды сұрадық.