Грекия Түркиямен арадағы шекараға қорған орнатты

Грекия Түркиямен арадағы шекараға қорған орнатты

Грекия Ауғанстандағы ахуалға байланысты мигранттардың жаңа толқынынан қауіптеніп, Түркиямен арадағы шекараға 40 шақырымдық қорған орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар бақылау жүйесін күшейтті. Билік тәліптер билігінен Еуропаға ағылған босқындар көбейеді деп болжайды. Себебі 2015-ші жылы Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Грекия ірі миграциялық дағдарысты бастан кешкен. Ол кезде миллионнан аса адам Сириядағы соғыстан қашып Түркия арқылы кәрі құрлыққа ағылған еді. Сол уақытта 60 мыңға жуық мигрант грек жеріне табан тіреп қалды.

Михалис Хрисохоидис, Грекия азаматтарын қорғау министрі:

- Ауғанстандағы дағдарысқа байланысты мигранттардың жаңа толқыны пайда болатыны анық. Еуропалық Одақ шеңберінде осыған байланысты түрлі шешім қабылданып жатыр. Бірақ біз де алдын ала қамданып, тиісті шараларды қабылдауымыз қажет.