Нью-Йорк штатында дельта штаммен күрес күшейтіледі

Нью-Йорк штатында дельта штаммен күрес күшейтіледі

Дельта дертіне қарсы күрес мейлінше күшейтіледі. Нью-Йорк штатының жаңа губернаторы Кэти Хокул осы міндетті мінсіз орындауға бар күшін жұмсайтынын жеткізді.

Өңір басшысының айтуынша, ең алдымен балалардың мектепке оралуына барынша жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мектеп қызметкерлері вакцина алуға міндеттелмек. Ал екпеден бас тартқандар апта сайын тест тапсырулары керек болады. Бұдан бөлек Хокул әйел кісілердің арын таптатпауды және олардың құқығын қорғауды бірінші күннен бастап қолға алатынын мәлімдеді.

Кэти Хокул, Нью-Йорктің 57-губернаторы:

- Бұл мен үшін өте эмоционалды сәт. Бірақ мен маңызды жұмыстарды атқару үшін дайынмын. Бүгіннен бастап Нью-Йорк штатының сексуалды емеурін білдіруге қатысты ережелерін қайта қарастыруды тапсырамын. Әйел кісілердің арын таптатпауды қатаң бақылауға алуды қолға аламыз. Сонымен қатар дельта штамын тоқтату үшін штат аумағындағы барлық мектеп қызметкерлеріне вакцина алу міндеттелетін болады. Вакцина алғысы келмейтіндер әр апта сайын ковид тестін тапсыруы тиіс болмақ.