Франция елшілігінің қасында атыс болды

Франция елшілігінің қасында атыс болды

Танзанияның Дар-эс-Салам қаласындағы Франция елшілігінің қасында атыс болып, 4 адам қаза тапты. Тағы 6 кісі жарақат алды.

Қаруланған белгісіз адам алдымен дипломатиялық өкілдікке жақын жердегі полицейлерге оқ атып, екі тәртіп сақшысын өлтірген. Осыдан кейін олардың қаруын алып, Француз елшілігіне барып ғимаратты атқылап, тағы бір полицей мен елшілік күзетшісін мерт еткен. Оқиға орнына жеткен өзге сақшылар қаскөйдің көзін жойған. Алдын-ала тергеуге қарағанда қылмыскер Сомалиден келген болуы мүмкін. Бірақ оның мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз. Полиция оқиғаны Мозамбиктегі Танзания әскерінің лаңкестік топтарға қарсы операциясымен байланыстырып отыр.