«Талибан» жауынгерлерін министр лауазымдарына тағайындады

«Талибан» жауынгерлерін министр лауазымдарына тағайындады

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қозғалыс ардагерлері қаржы министрі, қорғаныс министрі және ішкі істер министрі атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар басымдықты қарулы шабуылға емес, елді дағдарыс қысымынан алып шығуға береді. Жалпы, БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, Гул Ага қаржы министрі, ал Садр Ибраһим ішкі істер министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалған. Ал АҚШ-та 6 жыл тұтқында болған Абдул Қайюм Закир қорғаныс министрінің міндетін атқарады.

* Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.