Панджшер провинциясы қоршауда қалды

Тәліптер Ауғанстанда бақылаудан тыс тұрған Панджшер провинциясын қоршауға алды.

«Талибан» қозғалысы басшылығының өкілі Әмір Хан Моттакидің мәлімдеуінше, аймақ жетекшілерімен келіссөз еш нәтиже бермеген. Қазір содырлар Панджшер жазығына 4 жақтан жақындап келеді. Ал аймақтағы қарулы топтың өкілі «Талибан» содырлары 2 күннен бері сәтсіз шабуыл жасап жатқанын алға тартады.

* Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.