АҚШ-та ұшақ ғимаратқа соғылып, төрт адам ажал құшты

АҚШ-та ұшақ ғимаратқа соғылып, төрт адам ажал құшты

Тағы 2 кісі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Коннектикут штатының Фармингтон қаласында болған оқиға. Ұшақ құлаған сәтте ғимарат ішінде жүзге жуық адам жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінен техникалық ақау шыққан. Апаттың нақты себебін Ұлттық транспорт қауіпсіздігі кеңесі тергеуге кірісті.