Әлемде айдарлы құмай құстың 10 мыңы ғана қалған

Әлемде айдарлы құмай құстың 10 мыңы ғана қалған

Боливияда зооқорғаушылар екі айдарлы құмай құсты еркіндікке жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, қанаттылар далада жатқан бүлінген етті жеп уланған көрінеді.

Зооқорғаушылар оларды екі апта бойы күтіп баптаған. Осы оқиғадан кейін Боливия билігі жергілікті тұрғындарды улы қалдықтарды далаға тастамауға шақырып жатыр.

Еске салайық, айдарлы құмай – әлемдегі ең ірі құстардың бірі. Қазір олар жойылудың алдында тұр. Соңғы мәлімет бойынша, әлемде 10 мыңдай айдарлы құмай бар.