Тайвань аралында тайфун кесірінен әуе рейстері шегерілді

Тайвань аралында тайфун кесірінен әуе рейстері шегерілді

«Чанту» тайфуны Тайвань аралында әлек салып жатыр. Желдің екпіні сағатына 230 шақырымға жетті.

Басында мамандар бұл дауыл супертайфунға ұласады деп болжаған еді. Бірақ жағаға жақындағанда ол күшін бәсеңдетті. Тайфун салдарынан барлық ішкі әуе рейстері кейінге шегерілді. Осының кесірінен жүздеген турист еліне қайта алмай қалды.