Түркияда 40 миллион адам толық вакциналанды

Түркияда 40 миллион адам толық вакциналанды

Түркияда коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 компонентін 40 миллион тұрғын салдырды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін жүз бір миллионнан астам доза пайдаланылған. Мугла, Эдирне және Чанаккале провинциялары белсенділік танытқан. Бірінші дозаны әзірге 51 миллион адам қабылдаған. Бұл халықтың 80 проценті. Ал 9 миллионнан астам тұрғын үшінші компонентті алып үлгірген.