Covid-19: Әлемдегі ахуал 

Covid-19: Әлемдегі ахуал 

Әлемнің кей елдерінде коронавирусқа қарсы шектеулер жеңілдетіліп жатса, енді бірінде індет қайта өршіп жатыр.

Қазан айында шетелдік турситерді қабылдауға дайын отырған Маврикийде вирустың таралуы артқан. Ресми дерекке қарағанда, соңғы екі айда дертке шалдыққандар саны 5 есе артып, емдеу орындарында оттегі жетіспей жатқан көрінеді.

Ал Ұлыбританияда билік  12-15 жас аралығындағы балаларға короанвирусқа қарсы екпе егуді бекітті. Себебі, қыста эпидемиологиялық ахуал нашарлап, бұл оқу орындарының жұмысына кесірін тигізуі мүмкін. Жасөспірімдерге «Файзер» вакцинасының бір дозасын ғана салу қарастырылған.

Ал Қытайдың шығысындағы 3 миллион тұрғыны бар Путянь қаласында тұрғындардың барлығын коронавирусқа қарсы тексеру басталды. Себебі шаһарда соңғы бір күнде вирусты жұқтырғандар саны екі есе өскен. Тұрғындарға өзге аймақтарға саяхаттаауға тыйым салынды.