БҰҰ: Біз экологиялық апат алдында тұрмыз

БҰҰ: Біз экологиялық апат алдында тұрмыз

Климаттың өзгеруі тек мамандарды ғана емес, қарапайым тұрғындарды да алаңдатып отыр.

Америкалық психиатриялық қауымдастықтың жүргізген сауалнамасына сәйкес, кейінгі уақытта жиілеп кеткен табиғат апаттары адамдардың психикалық жағдайына әсер ете бастаған. АҚШ-та жаһандық жылыну салдарымен күресуге кеш деп ойлайтындар қатары көбейген екен. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, климаттың өзгеруі мәселесіне әсіресе 16-25 жас аралығындағы жастар көп алаңдайтын көрінеді.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Біз экологиялық апат алдында тұрмыз. Адамзатта оның өзгертуге уақыт та қалмады. Сондықтан еш мүмкіндікті жіберіп алмай, шұғыл әрекет ету керек. Кейінгі уақытта орман өрті мен су тасқыны жиілеп кетті. Мұның бәрі алдағы сұмдықтың бастамасы ғана.