Бельгияда 1 қазаннан бастап ковид-куәліктер талап етіле бастайды

Бельгияда 1 қазаннан бастап ковид-куәліктер талап етіле бастайды

Бельгияда 1 қазаннан бастап шектеу шаралары жеңілдейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүкендер мен қонақ үйлерде бетперде кию талап етілмейді, бірақ оларды қоғамдық көлікте, медицина және қызмет көрсету мекемелерінде кию міндет болып қалды. Сондай-ақ ковид-куәлік көрсету қажет. Оң өзгеріске қол жеткізуге елдегі ересектердің 84%-інің толық вакцина салдырғаны себеп болған. Осылайша, Корольдік егілгендер саны бойынша Еуроодақта алғашқы орынға шықты. Бұл туралы елдің премьер-министрі Александр Де Кро мәлімдеді. Екпе салдырғандар, ПТР-тест тапсырғандар немесе ковидпен жақында ғана ауырғандар үшін мейрамханалардың есігі күндіз ашық тұрады.

Александр де Кро, Бельгия премьер-министрі:

- Бір үлкен мәселе бар. Әлі екпе алмаған адамдар бар. Әсіресе, Брюссельде көп. Нақтырақ айтсам, тұрғындарымыздың тең жартысы әлі вакцина салдырмаған. Денсаулық сақтау саласын сынап тұрғам жоқ. Адамдарды көшеде, клубтарда, дүкендер мен мектептерде вакциналау қиын іс. Бірақ екпе салу науқанын жандандыру керек. Жансақтау бөлімдеріне вакцина алмағандардың көптеп түсіп жатқанын көріп отырмыз. Екпелерден түк зиян жоқ, тегін әрі бүкіл жерде бар. Сондықтан өзгелерді қауіпке ұшыратуға ешкімнің хақысы жоқ.