Таиландта такси компаниясы көліктерінің төбесіне бақша екті

Таиландта такси компаниясы көліктерінің төбесіне бақша екті

Себебі, індетке байланысты адамдардың такси пайдалануы күрт азайып, көліктер құр тұр.

Жүргізушілер ақысыз қалды. Осыған байланысты бірлестік дағдарысты еңсеру үшін 300 көлік үстіне түрлі жеміс-жидек егіп, оларды қызметкерлеріне таратып жатыр. Таиландта індет басталғалы 1,5 миллион адам коронавирус жұқтырған.

Камольпорн Буннитийонг, Ratchaphruek компаниясының қызметкері:

- Жобаның мақсаты – компания жүргізушілеріне індеттен туған күйзелісті еңсеруге көмектесу. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолы деп айтуға келмес. Себебі дағдарысты еңсеру үшін үкіметтің қолдауы қажет.