Өзбекстан Ауғанстанға тауар тасымалын жандандырды

Өзбекстан Ауғанстанға азық-түлік, мұнай өнімдері мен электр энергиясын тасымалдауды жандандырды.

Бұл жөнінде БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген көрші ел Президенті Шавкат Мирзиёев айтты. Өзбекстан басшысы жиынға қатысқандарды қазіргі қысылтаяң шақта ауған халқына көмек қолын созуға шақырды.  Айта кету керек, былтыр Өзбекстан БҰҰ жанынан Ауғанстан мәселесі жөніндегі арнайы комитет құруды ұсынған болатын. Бұған дейін өзбектер ауған халқына 1300 тонна гуманитарлық көмек жіберген.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:

- Ауғанстан Орталық Азияның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл елде бейбітшілік пен тыныштық орнатуға біз, көрші мемлекеттер ғана емес, бүкіл әлем мүдделі. Ауғанстан мәселесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі күшейіп, оның дауысы бұрынғыдан да қатты естілуі керек деп сенемін.