426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тбилисиде әйелдерге арналған такси қызметі ашылады

  • 118
  • UPD: 17:18, 23.09.2021
Тбилисиде әйелдерге арналған такси қызметі ашылады

Тбилисиде әйелдерге арналған алғашқы такси қызметі ашылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тбилисиде әйелдерге арналған такси қызметі жұмысын осы айдың аяғында бастауы тиіс. Компания қыз-әйелдер мен 16 жасқа толмаған ер балаларды қалаған жеріне қауіпсіз жеткізеді. Такси жүргізушілері жағынан жыныстық алымсақтықтың жиілеп кетуі осындай қызметті құруға түрткі болды. Соңғы кезде ақпарат құралдарында жарияланған осындай бір оқиғаны мысалға келтірейік. Маусым айында 18 жастағы қыз сотта жеңіп, оған тиіскен такси жүргізушісі жазаға тартылды. Алайда әйелдердің көбісі осындай оқиғаларды жасырады. 

Анна Гамбарови,  әйелдерге арналған такси компаниясының жетекшісі:

– Бұрыннан бері осындай компания ашқым келді. Біріншіден, соңғы кезде әйелдерге жыныстық және психологиялық зомбылық жасау жиілеп кетті. Екіншіден, компаниямыз көптеген әйелдерге өз мүмкіндіктерін дамытып, қаржы жағынан тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Көптеген адамдар бұл кемсітушілік дейді, бірақ олай емес. Бұл қоғам қажеттілігінен туындаған саралау. 

Компания жүргізушілерді мұқият іріктеп, жұмысқа алады. Еңбек өтілі үш жылдан көп және көлікті тізгіндеудің жақсы тәжріибесі болуы қажет. 

Ана Чанкселиани, әйелдерге арналған такси компаниясының жетекшісі:

– Үміткерлермен психологпен бірге сөйлесеміз. Ол да таңдау ісіне белсенді қатысады. Сондай-ақ жүргізуші бізге жарайтынына көз жеткізу үшін құжаттарын жинап, тексереміз.  

33 жастағы Саломе таңдаудан сәтті өтті. Оның көлік тізгіндегеніне 8 жыл болған және осы мерзімде бір де бір айыппұл салынбаған. Күндіз Саломе мектеп әкімдігініде жұмыс істейді, ал кешкісін және демалыс күндері такси жүргізеді. 

Саломе Хведелидзе, әйелдерге арналған такси жүргізушісі:

– Кешкі уақытта қалада көлікпен жүруді ұнатамын. Үнемі бұл әдетім пайда әкелмейтінін ойлайтынмын.  Грузияда әйел жүргізушілерді менсінбейтіні өкінішті. Әйелдерге арналған таксиді де жақтырмайды. Ал мен осы  стереотипті бұзғым келеді. Осы компания туралы естігенде, өзімді осы салада сынағым келді. Сәтті болатынына үміттімін, тәжірибе алып, пайда табамын. 

Компанияда қазір өз көлігі бар 15 әйел жұмыс істеп жатыр. Бұл қызмет, әзірше, тек Тбилисиде бар. Болашақта бүкіл елді қамтуды көздеп отыр.  

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы