Біраз күн бұрын ұсталған Каталонияның басшысы Брюссельге оралды

Біраз күн бұрын ұсталған Каталонияның басшысы Брюссельге оралды
1tv.ge

Біраз күн бұрын ұсталған Каталонияның бұрынғы басшысы Карлос Пучдемон уақытша Брюссельге оралды.

Италияның Альгеро қаласында жүрген саясаткерді қамауға еуропалық ордерді Испания билігі берген. Ал Пучдемон Бельгияға Еуропалық парламенттің отырысына қатысу үшін келді. Бірақ ол 4 қазанда Мадридке экстрадициялау туралы сот ісіне қатысу үшін Италияға қайтуға тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, Пучдемонды туған елінде бүлік ұйымдастырды, Каталонияны Испания құрамынан шығару туралы заңсыз референдум өткізді және бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсады деген айыптар тағылған.

Карлос Пучдемон, Каталонияның бұрынғы басшысы:

– Келесі аптада не болатынын мен білмеймін, бәрі сотқа байланысты. Ол куәлік беру үшін мені 4 қазанға шақырды. Мен барамын. Мұның қаншалықты қиын екенін білесіз бе?! Бірақ мен сонда да барамын. Сот шешім шығаруға мәжбүр, не болса да біз дайынбыз.