Ғалымдар 2500 жылы Жер шары қандай болатынын айтты

Ғалымдар 2500 жылы Жер шары қандай болатынын айтты
Ин-Спейс

БҰҰ жанындағы климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының жаңа мәліметтеріне сәйкес, 2100 жылға қарай температураның 2,7 градусқа көтерілу ықтималдығы жоғары, бұл апатты салдарға әкеледі, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Яғни температура өзгеріп, өрт, дауыл, құрғақшылық, су тасқыны жиілейді. 

«Мұндай өзгерістердің басты себебі – көміртегі шығарындылары, температураның жоғарылауынан тропикалық аймақтарда өмір сүру мүмкін болмайды», – дейді мамандар.

Ғалымдардың айтуынша, егер біз жаһандық жылынуды тоқтатпасақ, онда алдағы 500 жылда біздің планета адам танымастай өзгереді және адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіреді.