Жапония астанасына «Миндул» дауылы жақындады

Жапония астанасына «Миндул» дауылы жақындады

Жапония астанасына «Миндул» дауылы жақындап, кей өңірлерде күшті жел соғып, жауын селдетті. Жапон тілінен аударғанда «бақбақ гүлі» дегенді білдіретін дүлей жел бүгін Жапонияның оңтүстік-шығысындағы Идзу аралына жетуі тиіс.

Ауа райын болжаушылар дауыл өзімен бірге қалың жаңбыр әкеліп, елдің кей аймақтарында су тасқыны жүруі мүмкін деп ескертіп отыр. Осыған байланысты билік тұрғындарды барынша абай болуға шақырды.