Ресейде салынып жатқан газ өндіру зауыты өртенді

Ресейде салынып жатқан газ өндіру зауыты өртенді

Ресейдің Амур облысында салынып жатқан газ өндіру зауытында өрт шығып, жұмысшылар мен құрылысшылар шұғыл эвакуацияланды.

Апат Сводный қаласындағы өндіріс ошағында болды. Жапа шеккендер жоқ. Мамандар өртті сөндірді. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, «Газпром» компаниясы бұл зауытты салу туралы келісім-шартқа 2019 жылдың желтоқсан айында қол қойған. Ол Якутск пен Иркутсктегі газ-кен орындарынан алынатын табиғи газды өңдеуге арналған. Құны 11,4 миллиард еуро тұратын өндіріс ошағы толықтай іске қосылған соң әлемдегі екінші ең ірі зауытқа айналуы тиіс.