Батумиде көпқабатты үйдегі апаттан қаза тапқандар саны артты

Батумиде көпқабатты үйдегі апаттан қаза тапқандар саны артты

Грузияның Батуми қаласында көпқабатты үйдегі апаттан қаза тапқандар саны 5-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін ақпарат көздері 4 адам деп хабарлаған еді. Құтқарушылар үйінділер астынан тағы бір кәмелет жасқа толмаған жеткіншектің денесін тапқан. Апат орнында іздестіру жұмыстары түнімен жүрді. Шараға ондаған техника мен жүздеген маман жұмылдырылды.

Естеріңізге салайық, көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскен. Құтқарушылар 4 адамды аман алып қалды. Оның арасында бір бала бар. Елдің ішкі істер министрлігі апатқа бірінші қабаттағы жөндеу жұмыстары себеп болуы мүмкін деп отыр.