Орынборда ішімдіктен уланып, көз жұмған адам саны 29-ға жетті

Орынборда ішімдіктен уланып, көз жұмған адам саны 29-ға жетті
blogspot.com

Ресейдің Орынбор облысында ішімдіктен уланып қайтыс болғандар саны артты, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

«Ресей тергеу органдары Орынбор облысындағы ішімдіктен улану оқиғасы бойынша қылмыстық істі жан-жақты тергеп жатыр. Осы уақытқа дейін тергеу барысында Орынбор облысының төрт аумақтық бөлінісінде тұратын 29 адамның қазасының егжей-тегжейі зерделеніп жатыр. Зардап шеккен басқа да адамдарға тиісті көмек көрсетілуде» делінген Ресей тергеу комитетінің сайтында жарияланған мәліметте.

Еске сала кетейік, Ресейдің Орынбор облысында елуден астам адам алкогольді ішімдікке уланып, ауруханаға түскен. Оның 29-ы көз жұмды. Контрафакт ішімдіктен улану туралы хабар 7 қазан күні түнде түскен. Тергеушілер мен полицейлер қойма мен өндіріс бекетін тауып, 600 литр спирті бар сұйықтықты тәркіледі. Алты қылмыстық іс қозғалды. Алкоголь өнімдерін заңсыз өндіріп, сақтаған және сатқан 9 адам ұсталды.