Ливанда жанармай тапшылығынан жұрт жарықсыз қалды

Ливанда жанармай тапшылығынан жұрт жарықсыз қалды

Ливанда жанармай тапшылығынан елдегі екі ірі электр станциясы жұмысын тоқтатты. Салдарынан жергілікті халық жарықсыз қалды.

Енді аймақтағы  электр энергетикалық компания қорғаныс министрлігінің қорындағы жанармайды пайдаланып электрстанцияларды іске қоспақ ниетте. Алайда бұл мәселе тез арада шешіле қоймайды дейді жергілікті билік. Сарапшылар халық әлі бірнеше күн жарықсыз отыруы мүмкін деп топшылайды. Экономикалық әл-ауқаты онсыз да әлсіз елдің жағдайын коронавирус пандемиясы одан бетер ушықтырып жіберді. Қаржы дағдарысынан елде жанармай тапшылығы орын алды. Оны сатып алу үшін Үкімет қарожы жоқ деп отыр. Ал қара алтынды АҚШ долларымен саудалайтын кемелер Ливан портына кіруден бас тартуда.