Франция атом энергетикасы үшін шағын реакторлар жасайды

Франция атом энергетикасы үшін шағын реакторлар жасайды

Бұл туралы осы елдің президенті Эммануэль Макрон мемлекеттің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жариялау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар24».

Қазір энергетикалық мәселе Еуропа үшін ең өзекті. Бесінші республика шағын модульді реакторларды жасау үшін 1 млрд еуро инвестиция салмақ. Оның қуаты 300 мегаваттан аспайтын болады. Бұл дәстүрлі атом станцияларынан бірнеше есе аз. Оның басты артқышылығы, мұндай құрылғылар тез салынады әрі қауіпсіз.

Әзірге француз ғалымдары оның түпнұсқасын жасап жатыр. Билік шағын реакторларды алдағы 9 жылда жасай бастамақ.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Мақсатымыз – энергия өндіру. Бізде бұл үшін атом энергетикасы паркі бар. Сала Еуропада көмірқышқыл газын ең аз шығаратын электр энергия өндірісі болып саналады. Онда 200 мың француз жұмыс істейді. Біз бұл салада жетекші ролімізді жалғастыру үшін оны инвестициялауды күшейтуіміз қажет.