БҰҰ Ливияны мигранттардың жағдайын жақсартуға шақырды

БҰҰ Ливияны мигранттардың жағдайын жақсартуға шақырды

БҰҰ Ливияны мигранттарды ұстау жағдайын жақсартуға шақырды.

Себебі соңғы күндері Триполидегі БҰҰ өкілдігінің алдында жүздеген мигрант солтүстік африкалық елден эвакуациялауды сұрап, шеру өткізген. Босқындар бұл елде  мемлекеттік және өзге органдардың тарапынан күн сайын көптеген заңбұзушылыққа тап болатынын айтады. Ал наразылық акциясы осы айдың бас кезінде Гаргареш қаласында 5 мыңнан аса мигрантты ұстаған соң басталған. Себебі босқындарды санитарлық тұрғыдан нашар әрі зорлық-зомбылық өршіген мигранттар орталығына орналастырған.