Қытайда коронавирустың шығу тегін білу үшін мыңдаған қан үлгісі зерттеледі

Қытай ғалымдары Covid-19 коронавирусының шығу тегін білу үшін Ухань қаласында ондаған мың қан үлгісін тексереді. Бұл туралы «Си-Эн-Эн» телеарнасы хабарлады.

Қан үлгілері Уханьдағы зертханада сақталуда. Олардың осы уақытқа дейін донорлыққа байланысты сот істерінде дәлел ретінде қолданылуына орай зерттеуге тыйым салынған. Енді осы мерзім аяқталып, сынамаларды зерттеуге мүмкіндік туған. Еске сала кетейік, биыл ақпан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Уханьға барып коронавирусқа қарсы антидене бар деген 200 мың қан үлгісін анықтаған. Мамандар алғаш рет жұқпалы вирус 2019-шы жылы 8-ші желтоқсанда тіркелгенмен одан ертерек қазан-қараша айларында тарала бастаған деп болжайды.