Тәліптер АҚШ билігінен өздерін террорлық ұйымдардың қатарынын шығаруды сұрады

Тәліптер АҚШ билігінен өздерін террорлық ұйымдардың қатарынын шығаруды сұрады

«Талибан» өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл олардың уақытша үкіметіне қысым көрсету үшін жасалып отырған шара. Және ол қозғалыстың ауған халқына қызмет етуіне кедергі.

Тәліптер сондай-ақ өздерінің халықаралық міндеттерін орындағанын және өзге елдерге еш лаңкестік қауіп төніп тұрмағанын айтады. Сондықтан жаңа үкіметпен байланыста дипломатиялық жолмен әрекет етуге шақырды.

Айта кетейік, тәліптер өткен тамыз айының ортасында Ауғанстандағы билікті басып ала салысымен барлық елдер ондағы елшіліктерін жапқан. Ал тәліптер билігін тану үшін ең алдымен адам құқықтарын сақтауды талап етілген еді.