Норвегияда біреу садақпен 5 адамды атып өлтірді

Норвегияның Конгсберг қаласында әлдекім садақпен атып, 5 адамды мерт қылды. Тағы екі адам жарақат алды. Оның бірі тәртіп сақшысы.

Қаскүнем көшедегі бейсауат адамдарды атқан.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оны полиция ұстаған. Ал оның бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. Жергілікті билік бұл оқиға теракт болуы мүмкін дейді. Тергеу жалғасып жатыр.

Оейвинд Аас, полиция қызметкері:

- Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен тікұшақтар тартылды. Оқ атқан күдікті абақтыға қамалды. Әзірге оның есімін жариялай алмаймыз. Қылмыс болған жер қоршалды. Мән-жайды анықтау үшін куәгерлерден жауап алынып жатыр.