Конгода Эболаға қарсы вакциналау бастады

Конгода Эболаға қарсы вакциналау бастады

Конгода Эболаға қарсы вакциналау бастады. Осы айда елдің шығысында қауіпті індетті бірнеше адам жұқтырып, 2 тұрғын көз жұмған болатын. Олардың біреуі - 3 жастағы бала. Ал одан 6 ай бұрын билік эболаның таралуын тоқтаттық деп мәлімдеген еді.

Медицина қызметкерлері мен еріктілер Бени қаласындағы үйлерді аралап, тіпті көшеде кездескен кісілерді де екпе алуға үгіттеп жүр. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінге дейін ауруға шалдыққан 100-ге жуық науқас анықталған. Қазір олар дәрігелердің тұрақты бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 бен 2020 жылдар аралығында Конгода эболадан 2300-дей тұрғын қайтыс болған.