Covid-19: ЕО тұрғындарының 75 проценті егілді

Covid-19: ЕО тұрғындарының 75 проценті егілді

Еуроодақ тұрғындарының 75 проценті коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған. Ағымдағы жылдың маусым айынан бері 591 млн адамға екпе егілгені жайында сертификат берілді.

Сонымен қатар Еуроодақ елдері әлемнің 150 еліне Ковид-19-ға қарсы 1 млрд доза вакцинаны эскпорттаған. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Брюссельде өткен брифингте хабарлады. Оның айтуынша, жақын арада Еуропалық одақ тағы 500 млн доза препаратты өзге мемлекеттерде жөнелтпек ниетте.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия басшысы:

– Еуроодақ елдерінде өндірілген әр екінші вакцина шетелге жіберіледі. Күні бүгінге дейін әлем елдеріне 1 млрд доза екпе экпортталды. Бұған қоса өз тұрғындарымызды да екпемен толық қамтамасыз ете алдық. Бұл – пандемияны жеңудің жалғыз жолы.