Үндістандық ағайындылар ерекше шаш үлгісін жасайды

Шашыңызды қиып қана қоймай, ұстара арқылы басыңызға Тадж-Махал сияқты қасиетті орындардан бастап қалаған кино жұлдызын немесе кейіпкерді айна қатесіз салып беретіндер бар екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Үндістаның Манди-Дабвали қаласында тұратын Раджвиндер мен Гурвиндер есімді ағайынды жас жігіттер. Мұндай шаш үлгісіне шеберлер 4-ақ сағат уақыт жұмсайды. Жас шаштараздар алдағы уақытта Нью-Делиге көшіп, кәсіптерін одан әрі дамытпақ.