Еуропада эпидахуал нашарлайды

Еуропада эпидахуал нашарлайды

Еуропа елдерінде коронавирус жұқтыру дерегі артуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары осындай болжам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, «Кәрі құрлықтағы» эпидахуалдың нашарлауына шектеу шараларының жеңілдетілуі себеп болып отыр. Қазірдің өзінде соның белгілері біртіндеп байқалып жатыр. Мәселен, өткен аптада Еуропа бойынша 1 миллион 300 мың адам дертке шалдыққан. Чехия, Венгрия мен Польшада науқас саны 50 процентке артқан.