Таиланд туристер үшін 17 бағытты ашты

Таиланд туристер үшін 17 бағытты ашты

Шетелдіктер Таиландтың 17 өңіріне бара алады. Туризм әжептәуір табыс тауып отырған ел ішінара болса да шекарасын ашты.

Сөйтіп, келген қонақтардың ел астанасы Бангкок пен 16 провинцияда орналасқан туристік аймақтарда демалуына болады. Вакцина салдырған туристер карантинде отырмайды. Тек соңғы 3 күнде жасалынған ПТР тесттің теріс нәтижесін көрсетуі шарт. Сонымен қатар ковидті емдеуге жарамды медициналық сақтандыруы болуы керек. Ал карантинге жіберілген шетелдіктер жергілікті қонақүйлерде бір аптадай жатады. Бұл аралықта екі рет тест тапсыруы тиіс. Ал вакцина алмаған туристер 10 күн оқшауланады.