Чехияда шектеу шаралары күшейтілді
Бүгіннен бастап Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жаңа ережеге сәйкес, енді азаматтар ғимарат ішінде респираторлық бетперде киіп жүруі керек. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шара елдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты қабылданып отыр. Мәселен, өткен тәулікте анықталған ковид-науқастардың саны тура бір апта бұрынғы көрсеткіштен 2 есе көп екен. Жергілікті денсаулық сақтау министрінің айтуынша, алдағы уақытта елдегі ахуал одан сайын нашарлай түсуі мүмкін.