Вьетнамның орталық бөлігін су жайлады

Толассыз жаңбыр салдарынан Вьетнамның орталық бөлігін алапат су жайлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апаттарды басқару агенттігі келтірген мәліметке сәйкес, соңғы 3 тәулікте аймаққа 500 миллиметр жауын түскен. Соның салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 3 азамат жоғалып кеткен. Қазір су тасқыны жүрген аудандарда іздеу-құтқару және эвакуациялау операциялары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін билік өкілдері 4 мың 500 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген.