Набережные Челны қаласындағы үйде газ жарылды

Набережные Челны қаласындағы үйде газ жарылды

Ресейдің Набережные Челны қаласында 5 қабатты тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылды.

Жарылыстың күшінен 6 пәтерге зақым келген. Құтқарушылар үйінділер астында қалған 4 адамды сыртқа шығарды. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Арасында ауыр жарақат алған 11 жасар бала бар. Шамамен 30 тұрғын эвакуацияланды. Оқиға орнында құтқару-іздестіру операциясы әлі де жалғасуда.