АҚШ-та сауда орталығындағы атыстан екі адам қаза тапты

АҚШ-тың Айдахо штатындағы Бойсе қаласында атыс болды. Шаһардағы ірі сауда орталығында қаруланған белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырған.

Оқиғадан екі тұрғын мерт болып, тағы  4 адам жарақат  алды. Оның ішінде тәртіп сақшысы да бар.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, күдікті қолға түсті. Оның бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі басталды. Оқиғадан кейін ғимарат толық эвакуацияланды.

Сондай-ақ...